АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. "Единая Россия" партиясының XXI съезінің делегаттары алдағы президент сайлауында Владимир Путиннің кандидатурасын қолдауға бірауыздан дауыс берді.
"Президент "Единая Россия" үшін айқындаған бағдарға адалдықтың маңызын атап өткім келеді. Бұл декларация емес, бұл күш-жігерді талап ететін тұрақты жұмыс", - деді съезде партия төрағасы Дмитрий Медведев.
Ол партияластарын Владимир Путиннің кандидатурасы үшін дауыс беруге үндеді.
"2024 жылдың 17 наурызына белгіленген сайлауда Ресей Федерациясының президенті лауазымына Владимир Путинді кандидат ретінде ұсынуды қолдауды дауыс беруге қоямын", - деді Дмитрий Медведев.
Съезд делегаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
"Единая Россия" партиясының съезі екі жылда бірінші рет өткізіліп отыр.