Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы арнайы әскери операция энергетиканы долларсыздандыру процесін бастады

Бұл туралы сұхбатында "Србиягаз"компаниясының бас директоры және Сербия социалистік партиясы төрағасының орынбасары Душан Баятвич айтты
Sputnik
АЛМАТЫ, 16 желтоқсан - Sputnik. Украинадағы арнайы әскери операция энергетиканы долларсыздандыру және американсыздандыру процесін бастады, деді РИА Новостиге берген сұхбатында "Србиягаз"компаниясының бас директоры және Сербия социалистік партиясы төрағасының орынбасары Душан Баятвич.
"Ресейдің рөлі орасан зор: долларсыздандыру және американсыздандыру, отарсыздандыру Украинада қақтығыс басталған кезде басталды. Бұл аймақтық қақтығыс сияқты көрінді, бірақ іс жүзінде бұл Ресей мен ұжымдық Батыстың, Ресей мен НАТО-ның күресі, алтшын мәнінде Шығыс пен Батыс, әлемнің көптеген мемлекеттері мен халықтарының отаршыл Батыспен қақтығысы", - деді Баятович.
Ол Батыстың бүкіл әлем Ресейге қарсы санкциялар енгізді деген тұжырымының жалғандығын айтты.
"Әлем емес, ұжымдық Батыс, қалған адамзаттың 80%-і ешқандай санкция енгізбеді және енгізбейді. Ресей Украинадағы қақтығыс арқылы жедел отарсыздандыруды, бостандық үшін күресті, әділетті бейбітшілікті қамтамасыз етті. Сол арқылы бостандық пайда болады, жаңа халықаралық қатынастар құрылады", - дейді Сербия социалистік партиясы төрағасының орынбасары.
Бұған дейін Владимир Путин 2023 жылдың қорытындысы туралы үлкен баспасөз мәслихаты мен тікелей желі барысында Ресей экономикасының қауіпсіздік маржасы өзін сенімді сезініп қана қоймай, алға жылжу үшін жеткілікті екенін айтты.
Өнеркәсіптік өндіріс өсіп, 3,6%-ке жетсе, өңдеу өнеркәсібі 7,5% құрады. Ресей Федерациясындағы нақты жалақы жыл қорытындысы бойынша шамамен 8%, халықтың нақты кірісі шамамен 5% болған. Сонымен бірге Ресей тарихында алғаш рет жұмыссыздық деңгейі 2,9%-ке дейін төмендеді.