АЛМАТЫ, 16 желтоқсан – Sputnik. Тәуелсіздік күні Семейде ел тәуелсіздігі тарихына үлес қосқан батырларды еске алды.
Семейде Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
© Абай облысының әкімдігі
Тағзым шарасына облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, қоғам белсенділері, желтоқсан оқиғасының қатысушылары, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым және жастар өкілдері жиналды.
Семейде Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
© Абай облысының әкімдігі
Қатысушылар Тәуелсіздік жолында күресіп, желтоқсан оқиғасында құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Осыдан кейін мемлекеттік гимні шырқалды, сондай-ақ Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.