Яндекс Такси жауапкершілікке тартылды

Яндекс Такси Қазақстанның цифрлық экожүйесін қолдау қорына өз еркімен 3 млрд теңге аударды
Sputnik
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополияға қарсы тергеп-тексерудің қорытындысы бойынша Яндекс Таксиді жауапкершілікке тартты.
"Тергеп-тексерудің қорытындысы бойынша компания бақылау-кассалық машиналардың бағдарламалық қамтамасыз етуіне техникалық қолдау қызметтерін тықпалап келген таксопарктердің экономикалық қызметін үйлестіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Ведомство Яндекс Такси монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.
Яндекс Такси Қазақстанның цифрлық экожүйесін қолдау қорына өз еркімен 3 млрд теңге аударды.
Сондай-ақ Агенттік пен Яндекс Такси монополияға қарсы комплаенс жасасты, оның аясында мынадай іс-шаралар кешенін іске асыру көзделген:
жүргізушілер үшін еңбекақыны арттыру шартының бірі ретінде, егер тапсырыс жол жүру ақысының базалық құнынан екі есе асатын болса, осы жылдың 14 желтоқсанынан бастап, Яндекс комиссиясын өндіріп алуды тоқтататын болды; (экономикалық әсері жылына шамамен 2 млрд теңгеге);
жүргізушілер үшін қосымша бонустық бағдарлама енгізу (2024 жылы сала айналымы мен инфляцияның өсуіне байланысты 7-10 млрд теңге);
тарифті қалыптастырудың ашықтығын арттыру мақсатында тарифті не үшін көтергені және қандай өзгеріс болғаны туралы негіздеме келтіре отыра, пайдаланушы қосымшасын жақсарту.
жолаушылар үшін жаңартылған "Бірге" тарифі енгізіледі, ол тіпті ең жоғары сұраныс болып тұрғанның өзінде, төмен бағамен таксиге тапсырыс беруге мүмкіндік береді (тарифті х2-ге дейін көтеруге шектеулер);
агрегатор такси қызметтеріне ең жоғары сұраныс жағдайында, мысалы, ауа райының қолайсыздығында немесе мереке күндері х3-тен жоғары тарифті көтеруге шектеулер енгізеді - тоқсанына аталмыш деңгейден жоғары сапарлардың саны 5% - дан аспайды;
баламен жүретін жолаушылар үшін "балалар" тарифі енгізіледі, ол балалар креслолары немесе бустері бар автокөлікті шақыруға мүмкіндік береді.
Такси жүргізушілерімен тиімді қарым-қатынас жасау және клиенттермен байланысты қолдау үшін Call-орталықта "кәдімгі" оператор жұмыс істейді.
Агенттік заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасады, оларды енгізу жүргізушілерге Яндекс-пен таксопарксіз тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді (таксопарктер комиссиясы 4-8% құрайды).