Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіруін тағы 75 рет тежей алады – Орбан

Украинаның одаққа мүшелігі туралы соңғы сөзді 27 парламент, соның ішінде Венгрия парламенті де қолдауы керек
Sputnik
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Венгрия Еуроодақпен келіссөзді бастау туралы шешім қабылдауға одаққа мүше елдерге кедергі келтірмеді. Өйткені Венргияның бұл процесті әлі 75 рет тоқтатуға мүмкіндігі бар, соңғы шешімді 27 елдің парламенті қабылдайды, деді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Украинаның мүшелігі туралы соңғы сөзді 27 парламент, соның ішінде Венгрия парламенті айтуы керек екенін ескере отырып, Венгрия қарсылық білдірмеді. Сондықтан, егер біз Украинаның Еуроодақ мүшесі болғанын қаламасақ, Венгрия парламенті оған қарсы дауыс береді", - деді Орбан Kossuth радиосының эфирінде.
Оның айтуынша, "мәселе парламент талқылауына жеткенше бұл ұзақ, өте ұзақ процесс".
"Венгрия үкіметі бұл процесті тоқтата алатын шамамен 75 жағдай болады", - деді Орбан.
Еске салсақ, бүгін Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан Украинаға көрсетілетін 50 миллиард доллар көлеміндегі көмек тағы бұғатталғанын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Венгрия ЕО-ның Украинаға қатысты барлық дерлік шешіміне тосқауыл қойып отыр. Соның ішінде 500 миллион еуро көлеміндегі әскери көмектің сегізінші траншы, 2024 жылы әскери қолдау үшін Еуропалық Бейбітшілік қорынан 5 миллиард еуро бөлу, төрт жылға созылатын әскери көмек үшін 20 миллиард еуро көлеміндегі пакет, сондай-ақ 50 миллиард еуро көлеміндегі 2024-2027 жылдарға арналған макроқаржылық көмек бар.
Бұған дейін Венгрия премьер-министрінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Балаж Орбан өз еліне еуропалық қорлардан бөлінген қаражаттан бұғат алынса, Будапешт Киевке ақша бөлуге қойылған ветодан бас тартуға дайын екенін айтқан.