АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. 2024 жылы ЕАЭО елдері кәсіпкерлер мен тұтынушылар арасындағы сенімді қалыптастыруға ерекше назар аударады, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.
ЕЭК консультативтік комитетінің отырысында одақ елдері тұтынушыларының құқықтарын қорғау жөнінде бірлескен іс-қимыл бағдарламасын талқыланды.
Комиссияның айтуынша, бағдарламаның басты басымдығы - жыл тақырыбы ретінде қозғалғаны.
"Бағдарламаға сәйкес, 2024 жылдың тақырыбы: "Тұтынушы және кәсіпкер: даму үшін сенім", - делінген комиссияның хабарламасында.
ЕЭК консультативтік комитетінің төрағасы – Техникалық реттеу министрі Виктор Назаренконың айтуынша, ЕАЭО-тың тұтынушылардың құқын қорғау жөніндегі мемлекетаралық бірлескен жұмысын жүйелі түрде жоспарлы деңгейге шығарды.
"Бұл жұмыс билік, қоғам мен бизнестің мәселесін оңынан шешетін Еуразиялық "бестік" елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы жағдай жасайды", - деді ол.
Оның айтуынша, тұтынушы мен кәсіпкердің өзара іс-қимыл мәселелерін ашық талқылау - Кеңестегі тұтынушы нарқының мәселелерін әділ әрі, ашық шешуге негіз болады.
Жыл тақырыбы әр жылы сайын ЕАЭО елдерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы аясында айқындалады. 2023 жылы елдердің бірлескен жұмысы "сауатты тұтынушы – жауапты бизнес" ұранымен жүргізіледі.