Ресей экономикасы 3,5 процентке өседі деп күтілуде - Путин

Ресей президенті РФ экономикасының өсімі туралы мәлімдеді
Sputnik
АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Ресей экономикасы өсімінің ең маңызды көрсеткіші – ЖІӨ өсімі, жыл соңында ол 3,5%-ды құрайды деп күтілуде. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин жылды қорытындылаған жиында мәлімдеді.
Бұл өткен жылғы құлдыраудың орнын толтырып жатқанын көрсететін жақсы көрсеткіш.
"Кеше ғана қаржы министрі кейбір деректі жариялады. Экономикалық өсімнің ең маңызды көрсеткіші – жалпы ішкі өнімнің өсімі. Жыл соңына дейін бұл 3,5% болады деп күтілуде. Бұл жақсы көрсеткіш. Ендеше біз өткен жылғы құлдырауды қалпына келтірдік. Ол кезде 2,1% деңгейінде болды. Егер биылғы жылы +3,5% болса, бұл біз құлдырауды жеңіп, алға қарай біршама серпінді қадам жасағанымызды білдіреді", - деді Путин.
Ресей президенті Владимир Путин 2023 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын және тікелей желі өткізіп жатыр.