Қостанайда газ баллоны жарылып, бір адам зардап шекті

Өрт салдарынан сатушының көмекшісі 2003 жылығы азамат ауруханаға жеткізілді
Sputnik
АСТАНА, 14 желтоқсан - Sputnik. Қостанайда газ баллоны жарылып, бір адам зардап шекті, деп жазды "Наш Қостанай".
Төтенше оқиға 18.49-да Жұмысшылар көшесінде болған. Алдын ала болжам бойынша 20 шаршы метр алаңда тандыр нан жасайтын сауда нүктесіндегі газ баллоны жарылған.
Өрт толықтай сөндірілді. Сауда орнынан 50 литрлік алты газ баллоны шығарылды.
Өрт салдарынан сатушының көмекшісі 2003 жылығы азамат ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 70-75 процентін күйік шалған.