Аяз, жел, бұрқасын: синоптиктер 15 желтоқсандағы ауа райын болжады

Түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында өте қатты аяз 30-31°С сақталады
Sputnik
АСТАНА, 14 желтоқсан - Sputnik. Қазгидромет 15 желтоқсандағы ауа райына болжам жасады.
Елдің басым бөлігіне, суық Солтүстік-батыс антициклоны өз әсерін тигизеді, осыған байланысты көбінесе жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын, жаяу бұрқасын күтіледі.
Ел бойынша желдің күшейіп, оңтүстікте тұман түседі деп болжануда.
Түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында өте қатты аяз 30-31°С сақталады. Жетісу облысының Алакөль көлінің аумағында, түнде және таңертең Түркістан таулы асуларында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жел соғады.