АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Жаңаөзен қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігі.
Қатысушылар ойын ойнауға арналған компьютерлер балансын жүйелі түрде толықтырып, заңсыз қызмет атқарған.
"Тінту кезінде ойын ойнауға арналған құрылғылар: жүйелік блоктар, мониторлар, чек принтерлері мен сканерлері, теледидарлар, телефондар және қолма-қол ақша алынды. Заңсыз әрекеттен түскен қылмыстық кіріс көлемі 77 млн теңгеден асты. Тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.