Тоқаев цифрлық теңге жобасына баға берді

Бұл маңызды қадам отандық қаржы жүйесінің дамуына тың серпін беретініне сенімдімін, деді президент
Sputnik
АСТАНА, 12 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық теңгенің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде Қазақстан электронды үкімет пен қаржылық-технологиялық даму индексі бойынша әлем бойынша жетекші орынға ие.
“Жақында ғана біз ұлттық валютаның инновациялық форматы – цифрлық теңгені іске қостық. Бұл маңызды қадам отандық қаржы жүйесінің дамуына тың серпін беретініне сенімдімін”,- деді Тоқаев “Алтын Сапа” сыйлығын табыстау рәсімінде.
Оның айтуынша, былтыр отандық IT индустрия экспорты бес есе өсті. Ал 2026 жылға қарай бір миллиард долларға жеткізу міндеті қойылып отыр. Қазақстанда ірі өнеркәсіптік өндірістен бастап, шағын сервистік жобаларға дейінгі экономиканың барлық саласын одан әрі цифрландыруға баса мән беріледі.
“Еліміз жаһандық цифрлық технология орталығы ретіндегі орнын нығайтуы керек. Қазақстан ірі халықаралық IT компаниялардың кеңселері орналасатын аумақ бола алады және болуға тиіс. Мұның бәрі – біздің жұмысымыздың міндеттері мен нақты нәтижелерінің аз ғана бөлігі”,-деп атап көрсетті Тоқаев.
Президент жасанды интеллект саласына өз жетекшілік ететінін де айтты.
Ұлттық банкі цифрлық теңге туралы фейк ақпараттардан сақ болуды ескертті