АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik.12 желтоқсан сағат 10:00-дегі жағдай бойынша еліміздің 12 облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың 55 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтожол".
Шектеулер ауа температурасының төмендеуіне, боранға, жолдың көрінбеуіне байланысты енгізілген.
"Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 451 техника мен 907 қызметкер жұмылдырылды. 1108 м3 көктайғаққа қарсы материал қолданылды.", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерден аса қажет болмаған жағдайда, ұзақ сапарға шықпауды сұрады.
Күні кеше ауа райының нашарлауына байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 61 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілген болатын.