Семей тұрғыны достарының атына 39 млн теңге кредит рәсімдеген

Ол достарының ақшасын құмар ойынға жұмсайтыны анықталды
Sputnik
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Семей тұрғыны достарының атына 39 млн теңге кредит рәсімдеген, ақшаны құмар ойынға жұмсағаны анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.
34 жастағы алаяқ таныстарынан элиталық компанияға жұмысқа орналасу үшін кредит алып беруін өтінген, жұмысқа орналасқаннан кейін кредитті өтеуге уәде берген. Таныстары оған сеніп, өздерінің атына кредит алып береді. Алайда кейінірек достарының ақшасын құмар ойынға жұмсайтыны анықталды.
Жәбірленушілер оның тәуелділігі туралы біліп, алданғандарын түсінген. Полицияға 19 адам жүгінді.
Барлық фактілер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат берді, келтірілген залал – 39 миллион теңге.
Қазақстандықтар кредиттен өз еркімен бас тарта алады: Тоқаев заңға қол қойды