Қостанайдағы жарылыс: бір адам көз жұмғаны туралы ақпарат қате берілген

Оқиға орнынан барлығы 11 адам ауруханаға жатқызылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан – Sputnik. Қостанайда бір қабатты ғимарат жарылып, адамдар үйінді астында қалды. Бірақ ешкім қаза болған жоқ. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті жазды.
Ведомствоның хабарлауынша, бір адам көз жұмғаны туралы ақпарат қате берілген.
"Бұған дейін ер адамның денесі табылды деген ақпарат қате берілді, құтқарылған ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. Оқиға орнынан барлығы 11 адам ауруханаға жатқызылды", - дейді ТЖД.
Құтқарушылардың айтуынша, қатты аяз бен конструкция қирандылары көп болғандықтан іздеу жұмыстары қиынға соғып тұр. Оқиғаның мән-жайы мен себеп-салдары туралы ақпарат уақытылы беріліп тұрады.
Еске сала кетейік, бүгін Қостанайда жүк автомобильдерін жөндеуге арналған бір қабатты ғимарат жарылып, адамдар үйінді астында қалды.
Қостанайда ғимаратта жарылыс болды: бір адам мерт болды