АЛМАТЫ, 11 желтоқсан - Sputnik. Қостанайда жүк автомобильдерін жөндеуге арналған бір қабатты ғимарат жарылып, адамдар үйінді астында қалды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
11 желтоқсан 12:36 шамасында Энергетиктер көшесі, 1 мекен-жайында газ-ауа қоспасы жарылып, адамдар үйіндінің астында қалған.
Қостанайда ғимарат жарылып, адамдар үйінді астында қалды
© Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті
"Алғашқы медициналық көмекке 12 адам жүгінді. Құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан екі адам құтқарылды, тағы бір адамның денесі табылды. Марқұмның кім екені анықталды. Іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр", - дейді ведомстводағылар.
Қостанайда ғимарат жарылып, адамдар үйінді астында қалды
© Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті