АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог Дарья Русакова миға ең пайдалы тағамдарды атады.
Дәрігердің айтуынша, когнитивті функцияны сақтау үшін рационға жаңғақ пен балықты қосу керек.
"Жануарларда болатын ақуызды кез келген басқа өніммен алмастыру өте қиын. Сондықтан қайнатылған еттен толық бас тартуға болмайды. Егер адам миының жұмысына алаңдаса, онда ол балыққа, сүт өнімдеріне, жаңғақтарға басымдық беруі керек мен. Рациондв міндетті түрде көкөністер мен жемістер болуы керек", - деді ол Регнум ақпарат агенттігіне.
Сонымен қатар, сүт өнімдері, дәндер, көкөністер мен жемістер миға пайдалы. Сондай-ақ қайнатылған еттен бас тартуға болмайды, өйткені оның құрамында жануарлар ақуызы бар, деді сарапшы.
Ол өңделген еттің пайдасына да тоқталды.
"Ет өнімдері туралы айтатын болсақ, онда шұжықтар шынымен де канцерогендік әсер тудыратындай деңгейде өңделеді. Оның құрамында тұз, холестерин және әртүрлі қоспалар шамадан тыс көп. Жалпы бұл өнім денсаулыққа пайдалы емес. Шамадан тыс холестерин мөлшері жүрек-қан тамырларының бұзылуына әкеледі де, бұл мидың қанмен қамтамасыз етілуін бұзады. Сонымен қатар өңделген ет асқазан-ішек жолдарының, бауырдың және тағы басқа органдардың онкологиялық ауруларын қоздырады", - деді Русакова.
Дегенмен ол холестеринді түйіншектердің салдарынан қанның микроциркуляциясы бұзылған жағдайда ғана бұл адамның когнитивтік қабілеттеріне әсер ететінін айтты.