Биыл есірткі жасаумен айналысқан төрт трансұлттық қылмыстық топ жойылды

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда 75 жасырын есіртік зертханасы жойылып, 100 тоннадан астам прекурсор тәркіленді
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан - Sputnik. Биыл есірткі шығаратын төрт трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты жойылды, деп хабарлады ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
"Биыл біз 4 трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты жойдық. 14 қатысушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 13-і шет мемлекеттердің азаматы. Олардан 100 келіге жуық "синтетика", 85 тоннадан астам прекурсорлар, 13 реактор және 1 мыңнан астам зертханалық жабдық тәркіленді", - деді Сәденов мәжілістегі үкімет сағатында.
Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда 75 жасырын есіртік зертханасы жойылып, 100 тоннадан астам прекурсор тәркіленді.
Бұған дейін есірткі зертханаларын ұйымдастыруға жауапкершілікті күшейту бойынша түзетулер әзірленгені хабарланған болатын.
Оның айтуынша, егер қылмыс алғаш рет жасалса, кінәлілер тергеуге көмектессе жаза жеңілдетіледі.