АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанда тас жолдың 61 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
"11 желтоқсан сағат 18:30-дағы мәлімет бойынша ауа райының нашарлауына (ауа температурасының төмендеуі, боран, жолдың көрінбеуі) байланысты 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 61 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді", - деп жазылған ұлттық компанияның хабарламасында.
Алматы обылысында
"Алматы-Шелек-Қорғас" жолының 24 километрден (Арман АЖБ) 254 километрге (Айдарлы ауылы) дейінгі бөлігі көліктің барлық түріне жабылды.
Ақмола облысында
Барлық бағыт бойынша жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін жол жабылды.
Ақтөбе облысында
"Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" жолының 0 - 234 км, Қарабұтақ ауылы - Қостанай облысының шекарасы бөліктері жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін жабылды.
Жетісу облысында
"Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст.- Достық ст.;
"Сарыөзек-Көктал" 45-68 км, (Алтын Емел) автокөліктің барлық түріне;
"Алматы-Өскемен" жолының124-558 км, Жоламан ауылы-Үшарал қаласы аралығы барлық жүк автокөлігіне жабылды.
Жамбыл обласында
"Алматы-Ташкент-Термез" 534-593 км, Айша-Бибі ауылы -Түркістан облысының шекарасы;
"Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен ауылы- Кайнар ауылы;
"Мерке-Шу-Бурылбайтал" 124-558 км, Жоламан ауылы-Үшарал қаласы бөліктері жүк автокөліктеріне жабылды.
Қарағанды облысында
Барлық бағыт бойынша жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін жабылды.
Қостанай облысында
7 учаскеде жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін жолдар жабылды.
Маңғыстау облысында
"Ақтау-Құрық" 13-72 км, Ақтау қаласы-Құрық ауылы бөлігінде барлық автокөлік үшін жол жабылды.
Павлодар облысында
2 учаскеде жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін жолдар жабылды.
Солтүстік Қазақастан облысында
14 учаскеде жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін жолдар жабылды.
Түркістан облысында
"Алматы-Ташкент-Термез" 593-652 км. Жамбыл облысы - Машат ауылы бөлігінде жүк автокөліктері үшін жол жабылды.
Ұлытау облысында
"Қызылорда-Павлодар" 756-788 км. Жаңаарка шекарасы - Қарағанды облысы шекарасы бөлігінде жолаушылар автобустары мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін жолдар жабылды.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 527 техника мен 1273 қызметкер жұмылдырылды. 626 м3 көктайғаққа қарсы материал қолданылды.