Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріледі

Тексеріс қорытындысы бойынша заңға қайшы салынып жатқан 52 нысан анықталды
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 желтоқсан – Sputnik. Алматыда сот шешімімен Khan тұрғын үй кешені сүріледі, деп хабарлайды қала құрылысын бақылау басқармасы.
Басқарманың мәліметінше, Әкімдік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп таулы аймақта жүргізілген жұмыс барысында заңға қайшы салынып жатқан 52 нысан анықталды. Солардың бірі – Витебская көшесі, 44/3,44 А мекенжайында орналасқан Khan тұрғын үй кешені.
"Кешеннің қажетті рұқсат құжаттары жоқ, соның ішінде жобаны бекіту, сәулет-техникалық қадағалау, сараптама қорытындысы болмаған, жұмыстың басталғаны туралы хабардар етпеген", - делінген хабарламада.
24 қазандағы сот процесінде нысанды бұзу туралы шешім шығарылды. Тағы 19 нысан бойынша толық немесе ішінара бұзу, нысанды бастапқы қалпына келтіру және бұйрықты мәжбүрлеп орындау туралы сот шешімдері заңды күшіне енді.
Өңірлер
Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріледі