Алматы маңындағы ұшақ апаты: қылмыстық іс аяқталуға жақын

Істің ескіру мерзімі 2027 жылы аяқталады
Sputnik
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. 2019 жылы желтоқсанда Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық іс аяқталу кезеңінде тұр, деп хабарлады ішкі істер министрі Ержан Сәденов брифингте.
Ұшақ апатына қатысты істің ескіру мерзімі 2027 жылы аяқталады.
"Бүгінгі күні қылмыстық іс аяқталу кезеңінде тұр. Тіпті жақын арада аяқтаймыз деп ойлаймын. Халықаралық тапсырыс, бірқатар техникалық сараптама жасалды. Сондықтан осындай қиындықтар болды", - деді Ержан Сәденов.
Журналистер ішкі істер министрінен "2027 жылға дейін іс жабылып, ұшақ апатына кінәлілер түрмеге қамала ма?" деп сұрады.
"Кінәлілер анықталған. Біз оларды міндетті түрде түрмеге тоғытамыз", - деп сендірді Сәденов.

Алматы түбіндегі ұшақ апаты

2019 жылы 27 желтоқсанда Алматы маңында Bek Air компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай құлаған.
Апат салдарынан 13 адам, соның ішінде экипаж командирі, бірнеше күннен кейін екінші ұшқыш қаза тапты.
Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған.