Терезені сындырып қашып кеткен: Ақтөбеде кәмелетке толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр

"Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиешісінің көмекшісі полициядан көмек сұрады
Sputnik
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбеде полиция кәмелетке толмаған үш қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.
"8 желтоқсан полицияға "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиешісінің көмекшісі хабарласып, сағат 23:00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып қашып кеткенін хабарлады", - деп жазылған хабарламада.
Олар:
Мырзакенова Манар Абайқызы - 05.06.2006 жылы туған. Бойы 160 см, дене бітімі орташа, шашы қара.
Тезекбаева Амина Иманқұлқызы - 14.03.2006 жылы туған. Бойы 165 см, дене бітімі арық. Шашы қоңыр. Сол жақ иықта меңі бар.
Дошонова Жұлдызай Мұратбекқызы - 01.10.2006 жылы туған. Сұры түсті спорттық киім киген.
Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер жұмылдырылды.
Полиция кәмелетке толмағандардың қайда жүргенін білетін азаматтардан "102" немесе 8 771 785 1058 телефондарына қоңырау шалуды сұрады.