Рухани құндылықтарды қорғайды: Патриарх Кирилл "Россия сегодняны" 10 жылдығымен құттықтады

Орыс православие шіркеуінің басшысы медиа-топ ұжымына "жемісті ынтымақтастық" тіледі
Sputnik
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл "Россия сегодня" медиа тобының ұжымын 10 жылдық мерейтойымен құттықтап, күш пен шабыт, халық игілігі жолындағы алдағы жұмысында табыс тіледі, деп хабарлады РИА Новости.
Патриарх редакцияда "Дін және дүниетаным" бөлімі болуының маңыздылығын атап өтіп, тілшілер "Орыс православие шіркеуінің қызметіне үнемі назар аударуын, ғибадатхана тарихы мен қазіргі тіршілігі туралы баяндауын" жоғары бағалады.
Ол сондай-ақ "жемісті ынтымақтастық" жалғасады деп үміт білдірді.
"Россия сегодня" халықаралық медиа тобы бірнеше ақпараттық ресурсты біріктіреді: РИА Новости, Sputnik радиосы, ПРАЙМ, ИноСМИ, Baltnews, Украина.ру, Социальный навигатор, КОТ, Arctic.ru, Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы.
Путин "Россия сегодня" медиа тобын 10 жылдық мерейтойымен құттықтады