"ҚазТрансОйл" жыл соңына дейін Германияға 150 мың тонна мұнай жеткізуді жоспарлап отыр

Бұрынғы жоспар бір жарым есеге ұлғайтылды
Sputnik
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. "ҚазТрансОйл" АҚ желтоқсанда Германияға 150 мың тонна қазақстандық мұнайды жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"2023 жылдың қаңтар-қараша айларында қазақстандық мұнайды "Транснефть" ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Германияға одан әрі жеткізу үшін "Адамова застава" мұнай жеткізу пунктіне қарай тасымалдау көлемі 843 мың тоннаны құрады", - деп жазылған хабарламада.
Бұл транзит Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім аясында жүзеге асырылады.
Қазақстан 2027 жылға қарай 100 млн тоннадан астам мұнай өндіреді