Путин "Россия сегодня" медиа тобын 10 жылдық мерейтойымен құттықтады

"Россия сегодня" осыдан он жыл бұрын РИА Новости агенттігі мен "Голос России" радиостанциясы негізінде Ресей президентінің жарлығымен құрылған
Sputnik
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин "Россия сегодня" халықаралық медиа тобының ұжымын 10 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады РИА Новости.
Ресей басшысы бұл топ елдегі және әлемде болып жатқан оқиғаларды жылдам әрі дәл жеткізетін талантты мамандар ұжымын біріктіретінін атап өтті.
"Белгілі аға буын тілшілердің, редакторлар мен аудармашылардың, публицистердің шығармашылық дәстүрін лайықты түрде жалғастырып келе жатқандарыңыз қуантады. Өз тәжірибелеріңіз бен білімдеріңізді жас қызметкерлермен бөлісіп келесіздер", - делінген құттықтау жеделхатында.
Путиннің пікірінше, медиа топ алдағы уақытта да жұмыс сапасын жоғары деңгейде ұстап, ішкі және халықаралық ақпарат кеңістігіндегі танымал көшбасшылардың бірі ретіндегі позициясын сақтап қалады.
"Россия сегодня" халықаралық медиа тобы бірнеше ақпараттық ресурсты біріктіреді: РИА Новости, Sputnik радиосы, ПРАЙМ, ИноСМИ, Baltnews, Украина.ру, Социальный навигатор, КОТ, Arctic.ru, Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы.
Қазір "Россия сегодняда" 3 300 қызметкер жұмыс сістейді, он жаңалықтар бренді, 30 тілде сайты, әлемнің 127 қаласында тілшілері, 17 елде радиохабары бар. Медиа топты бүгінде Дмитрий Киселев басқарады.
2014 жылдан бері "Россия сегодня" Андрей Стенин атындағы фотожурналистика байқауын өткізіп келеді. Бұл Ресейдегі 18 бен 33 жас аралығындағы жас фотографтарды қолдайтын және әлемге таныстыратын жалғыз халықаралық платформа.