АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володин "Россия сегодня" командасы және оның бас директоры Дмитрий Киселевті медиа топтың 10 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады РИА Новости.
"Россия сегодня" біздің елімізде және одан тыс жерлерде болып жатқан оқиғаларды объективті түрде көрсетеді. Жаңа форматтар мен заманауи технологияларды пайдалана отырып, жаңалықтар журналистикасының үздік стандарттарына сүйене отырып, ол БАҚ-тың дамуына үлес қосуда", - делінген мемлекеттік дума спикерінің құттықтау жеделхатында.
Вячеслав Володин меди топ ұжымына сәттілік тілеп, олардың "жоғары кәсіпқойлығымен, жұмысқа шығармашылық және жауапкершілікпен қарауымен ерекшеленетінін" атап өтті.
"Россия сегодня" халықаралық медиа тобы бірнеше ақпараттық ресурсты біріктіреді: РИА Новости, Sputnik радиосы, ПРАЙМ, ИноСМИ, Baltnews, Украина.ру, Социальный навигатор, КОТ, Arctic.ru, Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы.