АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк елде армияны мобилизациялау қиындайтынын және оның "үгіт-насихаттық құрамдас бөлігі" өзгеретінін мойындады , деп хабарлады РИА Новости.
Ол сондай-ақ Киев мобилизациялауды насихаттауға және мемлекет пен майданға жұмылдырылғандардың қызметі мен міндетін нақтылауға арналған жаңа бағдарлама дайындап жатқанын мәлімдеді.
Подоляк атап өткендей, мобилизациялаудың "үгіт-насихаттық құрамдас бөлігі" өзгереді.
Айта кетері, Украинада 2022 жылдың ақпанынан бастап әскери жағдай режимі енгізіліп, жалпы мобилизациялау туралы жарлық күшіне енді. 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдарға Украинадан шығуға тыйым салынды. Әскери қызметтен жалтарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.