Алматыда алғашқы қардан кейін көшелер тазаланып жатыр

Қар тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды
Sputnik
АСТАНА, 9 желтоқсан – Sputnik. Алматыда коммуналдық қызметтер тәулік бойы жолдар мен тротуарларды қардан тазартып жатыр, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Барлығы 535 бірлік арнайы техника және 1000-нан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.
"Қалада 4 см қар жауды, Медеу мен Шымбұлақта – 6 см. Түнде сыпыру-жинау техникасының сегіз колоннасының күшімен патрульдік машиналардың сүйемелдеуімен магистральдық көшелерде қар күреу жұмысатры жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.
Түстен кейін қарды кезекті тырмалау жоспарланған, содан кейін қарды жаппай шығару бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.
Әкімдік ауа райының нашарлауына байланысты автокөлік жүргізушілерін жолдарда абай болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Жаяу жүргіншілерге де мұқият және сақ болу керек.
"Қазгидромет" РМК қар түске дейін жауады деп болжап отыр. Күндіз 4 градус аяз болып, 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады.