Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина АҚШ-тағы жағдайдың құрбанына айналмауы керек – Порошенко

Украинаның экс-президенті Киевке әскери көмектің бұғатталуы "алаңдатарлық белгі" екенін мәлімдеді
Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Украинаның экс-президенті Петр Порошенко АҚШ сенатының Киевке көмек көрсету жобасына тосқауыл жасауы жөнінде France24 телеарнасына сұхбат беріп, Украина АҚШ-тағы ішкі саяси процестердің құрбанына айналуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Сәрсенбіде Киев пен Израильге 100 миллиард доллардан астам көмек бөлу туралы заң жобасы АҚШ сенатында дауыс беруден өтпей, жобаны қарауға бөгет жасалды.
"Украина келесі жылғы АҚШ-тағы сайлаудағы ішкі саяси мәселелердің құрбаны болуы мүмкін деген ой мені үрейлендіреді. Бұл дұрыс емес", - деді Порошенко.
Оның пікірінше, Киевке көмек көрсету пакетіне дауыс беру кезіндегі қиындықтар "алаңдатарлық белгі".
Ресей бұған дейін НАТО елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізуге байланысты нота жолдады. Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресейдің заңды нысанасына айналатынын айтты.
Ресей сыртқы істер министрлігі НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізіп, "отпен ойнап жатыр" деп мәлімдеді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаға Батыстан қару-жарақ жөнелту ресей-украин келіссөзінің өтуіне кері әсер ететінін мәлімдеді.