Оңтүстік Корея еліміздің автомобиль өнеркәсібі үшін маман даярлайды

Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Оңтүстік Корея еліміздің автомобиль өнеркәсібі үшін маман даярлайды.
Қостанай өңірлік университеті мен Пусан университеті ректорлары меморандумға қол қойды. Оған сәйкес, қазақстандықтар келер жылдың наурын айынан бастап Оңтүстік Кореяның жоғарғы оқу орнында білім ала бастайды, деп хабарлады Хабар 24.
Ал оқуын тәмамдаған соң Қостанай облысындағы көлік шығару зауытында жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, машина жасау кәсіпорнының құрылысы бір ай бұрын басталған болатын. Зауыт 2025 жылдан бастап жылына 70 мың автокөлік шығарады.
Кәсіпорында бір жарым мың адам жұмыс істейді.
"Конкурс өткізілді, біз жақсы оқитын, тіл үйренуге қабілеті бар және тіл білетін студенттерді дайындап, құжатын ала келдік. 1 наурыздан бастап 3 студентіміз осы жерде білім алады", - дейді А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры Сейітбек Қуанышбаев.
Экономика
Қостанайда Kia автокөліктерін шығаратын зауыттың құрылысы басталды