Алматы мектептерінде терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар жиілеген

Алматы қаласында соңғы 3 жылда терроризмтуралы жалған хабарлама бойынша 400-ге жуық қылмыс тіркелген
Sputnik
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Алматы прокуратурасы мен Қазақтелеком мектептердегі "жалған терроризмнің" 6 фактісінің алдын алды, деп хабарлайды қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Алматы қаласында соңғы 3 жылда Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша (терроризм актісі туралы жалған хабарлама) 400-ге жуық қылмыс тіркелген. Бұл туралы қала прокуроры Серік Кәріпбеков мәлім етті.
Салдарынан мемлекетке 6,3 миллиард теңге шығын келген.
Осыны ескере отырып, мемлекеттік мекемелерге келіп түсетін қоңырауларды іріктеудің технологиялық әдістерін қолдану туралы шешім қабылданды.
"Антифрод оператор жүйесі нақты уақыт режимінде сигналдардың әлемнің әртүрлі елдерінен келетінін анықтады және мектеп телефондарына қоңыраулардың келіп түсуіне жол бермеді", - делінген прокуратура хабарламасында.