Такси жүргізушілеріне ұялы байланыс операторлары жауапты болады – министрлік

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалар ресми такси тасымалдаушылары ретінде теңестіріледі
Sputnik
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Жеке такси жүргізушілерінің жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі талаптарын сақтауына ұялы байланыс операторлары жауапты болады, деп хабарлады көлік министрлігі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Яндекс, InDrive, Maxim, Апару, Tappy Taxi және тағы басқа таксиге тапсырыс беруге арналған мобильді қосымшалар бар. Олардың қызметі бәсекелестік ортада көрсетіліп жатыр және "Автомобиль көлігі туралы" заңмен және Жолаушыларды және жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерімен реттеледі.
Таксиге тапсырыс беру қосымшаларының операторлары жергілікті атқарушы органдарға хабарлама ұсынған ресми такси тасымалдаушыларға – жеке кәсіпкерлерге немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына ғана қызмет көрсетуге құқығы бар ақпараттық-диспетчерлік қызметтері ретінде белгіленген.
Сондай-ақ 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Автомобиль көлігі туралы" заңға такси мен жеке тұлғаларды ресми тасымалдаушылар қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін түзетулер күшіне енеді деп күтілуде.
Жаңа ережелер ұлттық заңнамада жеке тұлғаның жергілікті атқарушы органға ресми такси тасымалдаушыларының тізіліміне енгізу үшін хабарлама ұсынған кезде такси қызметімен толық айналыса алатын талаптарды белгілейді. Ал тізілімге енгізілген жеке тұлғаның таксиге қойылатын талаптарды қалай орындайтынына жауапкершілік пен бақылау мобильді қосымша операторына жүктеледі.
Жаңашылдықтар такси қызметімен айналысатын жеке тұлғалардың заң талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен бірге түзетулер көрсетілген мерзімнен ертерек күшіне енуі мүмкін, өйткені мемлекеттік органдар қазір оларды 2024 жылдан бастап қолданысқа енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Өйткені бұл мәселенің өзектілігі жоғары болып тұр.
Бұрын хабарлағандай, такси тасымалы нарығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында көлік және жол қозғалысын қамтамсыз ету саласындағы құзырлы мемлекеттік органдар осы жылдың қазан айында жолаушыларды заңсыз тасымалдауды жою бойынша бірлескен Жол картасын қабылдады.
Құжатта тасымалдаушылардың заң талаптарын сақтауын тексеру мақсатында тұрақ орындарына рейд жүргізу, таксиге тапсырыс беруге арналған мобильді қосымшаларының қызметін бақылауды оңтайландыру, фото және бейнетіркеу жүйесі арқылы заңсыз тасымалдаушыларды анықтау шаралары, көлік құралдарының және олардың жүргізушілерінің жұмысын бақылау үшін қарастырылған.