Шығыс Қазақстанда әкімдіктің жүргізушісі мас күйде жол апатына түсті

Жол апаты салдарынан Катонқарағай ауылдық әкімдігіне материалдық залал келтірілді
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан - Sputnik. Шығыс Қазақстанда әкімдіктің мас күйде көлік жүргізген жүргізуші жол апатын жасады, деп хабарлайды YK-news.kz.
Жүргізуші ауылдық округтегі әкімдікте жұмыс істеген. Көлікті мас күйде басқарған ол электр бағанасына соғылған. Оқиға 4 желтоқсанда болған.
"Жол апаты салдарынан Катонқарағай ауылдық әкімдігіне материалдық залал келтірілді. Залал ерікті түрде өтелді", - деп нақтылады баспасөз қызметі.
Сот жүргізушіні ҚР Әкімшілік кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен 20 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарып, жеті жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Өңірлер
Мас күйінде көлік тізгініне отырған әкім жұмыстан қуылды