АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Федерация кеңесі президент сайлауын 2024 жылдың 17 наурызында өткізу туралы шешім қабылдады.
"Бұл шешім сайлауалды кампаниялар жұмысының басталуына негіз береді", - деді палата спикері Валентина Матвиенко.
Ол осы сайлаудың маңыздылығына да тоқталды.
"Алдағы сайлау тарихи маңызға ие, ол ел дамуының негізгі бағытын айқындайды", - деді ол.