Экономика

Қазақстан Иранға мұздатылған ет экспорттайды

Қазір қазақстандық өндірушілер Иранға сақтау мерзімі 3 күнге дейінгі салқындатылған сиыр етін ғана жеткізеді
Sputnik
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан мұздатылған етті Иранға экспорттауға уағдаласты. Екі жақты меморандумға Тегеранда қол қойылды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ведомство ақпаратынша, құжат отандық мал өсірушілердің мұздатылған етін жеткізудің жаңа экспорттық жолдарын ашады. Осы уақытқа дейін қазақстандық өндірушілер Иранға сақтау мерзімі 3 күнге дейінгі салқындатылған сиыр етін ғана жеткізе алатын.
Уағдаластық туралы құжатта мынадай талаптар қарастырылған:
Мұздатылған сүйексіз сиыр етінің импортына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар.
Иран тарапы Қазақстаннан мұздатылған сүйексіз сиыр етінің импортына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды ұсынады. Ветеринариялық-санитариялық талаптарды келіскеннен кейін Қазақстаннан Иранға мұздатылған сүйексіз сиыр етінің экспортын ашу үшін Иран ветеринариялық ұйымының басшылары мен Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы арасында ветеринариялық сертификаттарды келіседі және келісімге қол қояды.
Иранның сүт компанияларын ЕАЭО аумағына және Қазақстанға импорттауға құқығы бар үшінші елдердің реестріне енгізу туралы.
Қазақстан тарапы ЕАЭО және Қазақстан инспекторларының, Иран ветеринариялық қызметінің және Иранның сүт кәсіпорындарының қатысуымен аудит және бірлескен инспекция өткізілгеннен кейін, ЕАЭО аумағына және Қазақстанға сүт өнімдерін импорттауға құқығы бар үшінші елдердің реестріне Иран сүт кәсіпорындарын қосу туралы ынтымақтасуға дайын.
Вакуумды қаптамадағы ірі қара мал етінің жарамдылық мерзіміне қатысты ғылыми құжаттар.
Қазақстан тарапының вакуумды қаптамадағы ірі қара мал етінің жарамдылық мерзімін 3 күннен 16 күнге дейін ұлғайту туралы өтініші бойынша Иран тарапы Қазақстаннан жарамдылық мерзіміне қатысты ғылыми құжаттарды сұрады. Иранның ветеринарлық ұйымы импорт және экспорт бойынша техникалық комитетте ұсынылған құжаттарды қарайды.
Қазақстан Иранға экспорт көлемін 250 млн долларға кеңейтуге дайын – Мұрат Нұртілеу