Фото

"Энгр скрипкасы", "Ақ пен қара" және "99 цент": өте қымбатқа сатылған суреттер

Кейбір фотосуреттер бірегейлігімен және суретшінің талантымен таңғалдырады. Мұндай туындылар адамға әлемді жаңаша көзқараспен көруге және терең эмоциялардың оянуына итермелейді. Дегенмен "талғамда талас жоқ" деп бекер айтпаса керек.
Sputnik
Біреуге шедевр болып көрінетін дүние екінші адамға түсініксіз немесе қарапайым болып көрінуі мүмкін. Қалай болғанда да, фотосуретке деген сұраныс оның бағасын анықтайды. Сондықтан да біреу белгілі бір туынды үшін миллиондаған доллар төлеуге дайын болса, онда бұл жайттың өзі оны құнды етеді. Суреттер топтамасынан өте қомақты қаражатқа сатылған 10 фотосуретті тамашалай аласыздар.
1 / 10

Француз және америкалық суретші Ман Рэйдің әйгілі Le Violon d'Ingres немесе "Энгр скрипкасы" атты фотосуреті тарихтағы ең қымбат сатылған туынды болды: сурет Christie's аукционында рекордтық баға 12,4 миллион долларға сатылды.

2 / 10

Альфред Хичкок стиліндегі фильмнің кадры секілді Синди Шерманның 1985 жылғы "153" атты суреті 2010 жылы 2,7 мың долларға сатылды.

3 / 10

Ман Рэйдің Noire et Blanche фотосуреті ("Ақ пен қара", 1926) 2017 жылы 9 қарашада Париждегі Christie's аукционында сатылып, бірден үш аукцион рекордын орнатты. Сурет 2,7 миллион еуроға сатылды. Бұл – Ман Рэйдің жеке рекорды, Франциядағы ашық аукционда сатылған фотосурет рекорды және аукционның "классикалық фотосурет" (1840-1930) санатындағы рекорды.

4 / 10

Түсірілгеніне 119 жыл болған әлемдегі алғашқы түрлі-түсті фотосурет. Эдвард Стайхеннің "Ай сәулесіндегі көл" атты суреті, 1904 жыл. Ол 2006 жылдың ақпанында Нью-Йорктегі Sotheby's аукционында 2,9 миллион долларға сатылды.

5 / 10

Джефф Уолл түсірген Dead Troops Talk (Өлі жауынгерлердің әңгімесі) суреті, 1992 жыл. Бағасы – 3 666 500 миллион доллар. Бұл – оның Ауған соғысының әсерінен туған ең танымал шығармасы.

6 / 10

Kuwait Stock Exchange II суретін Андреас Гурски 2008 жылы Кувейт қор биржасында түсірген (суретте сол жақта). Chicago Board of Trade суреті 1997 жылы Чикаго сауда палатасында түсірілген (суретте оң жақта). Бұл екі сурет әлемдегі ең қымбат фотосуреттер топтамасынан алынған. Андреас Гурски 2011 жылы 4,3 миллион долларға сатылған тарихтағы ең қымбат фотосурет саналатын Rhein II суретінің де авторы.

7 / 10

Неміс фотографы Андреас Гурски Мюнхендегі "Өнер үйі" музейіндегі "Рейн II, 1999" фотосуретінің жанынан өтіп бара жатыр, Германия.

8 / 10

Эдвард Стайхен түсірген "The Flatiron" суреті, 1904 жыл. Бұл – оның пикториализма кезеңіндегі ең танымал фотосуреттерінің бірі. Туынды аукционда 11,8 миллион долларға сатылды.

9 / 10

Неміс фотосуретшісі Андреас Гурскидің "99 цент" туындысының бағасы шамамен 3,4 миллион долларды құрайды. Дүкеннің қарапайым суреті қомақты сомаға сатылды.

10 / 10

Гонконгтағы (Қытай) баспасөзге көрсетілім кезінде ер адам мен әйел Синди Шерманның "Untitled #96" суретінің жанында тұр. Құны 3 890 500 доллар тұратын бұл фотосурет осы автордың ең танымал және қымбат туындыларының бірі болып саналады. Фотосуретті 2011 жылы Christie's аукционында белгісіз коллекционер сатып алған.