Әзербайжанда бір айдан кейін кезектен тыс президент сайлауы өтеді

20 жыл елді басқарған Ильхам Әлиев қайтадан республика президентіне үміткер болмақ
Sputnik
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. 7 ақпанда Әзербайжан президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді, деп жазылған Ильхам Әлиев қол қойған өкімде.
Құжат екі тармақтан тұрады – біріншісінде мемлекет басшысының мерзімінен бұрын сайлауы туралы хабарланған, ал екіншісінде сайлау өтетін күн белгіленген.
"Орталық сайлау комиссиясы Әзербайжан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауын 2024 жылғы 7 ақпанға белгілеуді және оларды сайлау кодексінде көрсетілген тәртіппен өткізсін", - делінген өкімде.
Әкесі Гейдар Әлиевтен кейін 20 жыл елді басқарған Ильхам Әлиев қайтадан республика президентіне үміткер болмақ.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазір сайлау өткізетін уақыт емес – Зеленский