Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды

Сапар аясында өңірдегі бірқатар әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көреді
Sputnik
АСТАНА, 6 желтоқсан - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Сапар аясында Президент облыстың экономикалық даму барысымен және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларымен танысады, сондай-ақ өңірдегі бірқатар әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.