АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан мен Беларусь кірістерді жылыстатуға, экономикалық қылмыстарға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Қазақстандық қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
Сәрсенбіде Қытайдың Санья қаласында кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық Топтың (ЕАТ) отырысы шеңберінде АФМ мен Беларусь тергеу комитеті арасындағы меморандумға қол қойылды.
"Құжат экономикалық қылмыстарға қарсы күресте өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруды, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды болдырмауды көздейді", - деп түсіндірді АФМ.
Меморандум "екі мемлекеттің алдын ала тергеу органдарының қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасуға, жасалған қылмыстар туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тексерулер жүргізу кезінде жәрдемдесуге ықпал ететін болады".
ЕАТ құрамына тоғыз ел кіреді: Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан.