АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Парламент мәжілісі 1999 жылғы 4 маусымда Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
ТМД үкімет басшылары Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге 1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында қол қойды. Ал 2001 жылғы 7 мамырда ол Қазақстан Республикасының заңымен ратификацияланды.
Келісім КСРО-ның ыдырауына және соның негізінде дербес мемлекеттердің құрылуына байланысты, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі құпия өнертабыстар туралы мәліметтерге қатысты құпиялық режимін қамтамасыз ету, бұрынғы КСРО-да жасалған құпия өнертабыстарды құқықтық қорғау және оларды құпиясыздандыру тәртібін белгілеу мақсатында әзірленді.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде келісім қолданылған кезең ішінде КСРО-да іс жүргізу аяқталмаған және қорғау құжатының қолданылу мерзімі бітпеген құпия өнертабыстарға қорғау құжаттарын беру туралы бірде-бір өтінішхат берілген жоқ. Сонымен қатар құпия өнертабыстарды құпиясыздандыру жағдайы да тіркелмеген.
Құжаттың өзекті болмауын ескере отырып, ТМД сыртқы істер министрлерінің кеңесі оның жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Тиісті хаттамаға 2021 жылдың 4 наурызында қол қойылған.
Мәжіліс депутаттары келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңды қабылдады