Фото

Әлемдегі табиғаттың ең қауіпті әрі көрікті жерлері – фото

Әдемі пейзаждар, көрікті теңіз жағалаулары, сарқырамалар, каньондар, таулы ландшафтарға қарағанда сұлулықтан басың айналардай. Осындай тынысыңды ашатын пейзаждарды тамашалауға саяхатшылардың барлығы құмар.
Sputnik
Бірақ олардың арасында кейде адам үшін қауіпті жерлер де бар. Сондықтан тұмса табиғаттың сұлулығы алдамшы болуы мүмкін.
Суреттер топтамасынан жер ғаламшарындағы көркем, бірақ өте қауіпті табиғи көрікті жерлерді тамашалауға болады. Онда апаттар жиі болып, саяхатшылар көз жұмады. Бұл тізімге Гранд-Каньон, Ниагара сарқырамасы, Монблан тауы, Катскилл сарқырамасы және тағы басқа орындар кірді.
1 / 12

Жазатайым оқиғалардың саны туралы деректерді есептей келе, мамандар ең қауіпті көрікті орын Монблан тауы деген қорытындыға келді. Мұнда жыл сайын жүзге жуық турист көз жұмады.

Суретте: Шамонидегі Монблан массиві.

2 / 12

Нью-Йорк маңында орналасқан екі сатылы Кэтскилл ең қауіпті сарқырама деп танылды. Көптеген турист осы жерге фотосессия жасауға келеді. Бір ғана 2023 жылы төрт турист селфи жасап жатқанда құлап кетті.

3 / 12

Ең қауіпті жартас құрылымдары Ирландияда орналасқан. Бұл – Мохер құзы. Жаяу жүргіншілер телефондары арқылы әдемі табиғатты суретке түсіру үшін қауіпсіз жолдан шығып, ақырында биіктіктен құлап кетеді.

4 / 12

Ең қауіпті ұлттық парк – Йосемит (Калифорния, АҚШ). 2022 жылы бұл америкалық қорықта 11 турист қайтыс болды. Сонымен қатар ең көп оқыс оқиғалар Норт-Каскейдс ұлттық паркінде (Вашингтон, АҚШ) тіркелді. Мұнда ландшафт күрделі және аюлар жиі кездеседі.

Суретте: Калифорниядағы Йосемит ұлттық паркіндегі Тафт-Пойнт шыңында ерлі-зайыптылар некелерін қиып жатыр.

5 / 12

Соңғы жылдары Эверестте қайтыс болған альпинистер саны кем дегенде жиырма жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда аз. Гималай деректер базасының мәліметіне сәйкес, Эверестке шығу тарихында жалпы 300-ден астам адам қайтыс болған. Адам өлімі мен жазатайым оқиғаларға тау ауруы, шаршау, үсік шалу, құлау, қар көшкіні, тас құлау себеп болған.

Суретте: Эверест базалық лагеріндегі турист, Кхумджунг, Непал.

6 / 12

Бен-Невисте өлім көп емес, бірақ келушілер де айтарлықтай аз. Сондықтан мұнда да адам өлімі қаупі бар. Шотландияның таулы аймақтарында жылына орта есеппен үш адам қайтыс болады, сондай-ақ 20-ға жуық жазатайым оқиға тіркеледі. Бір кездері үлкен Бен-Невис жанартауы миллиондаған жылдар бұрын өз ішіне құлап, бұл нысанға жылына 100 000 турист келеді.

Суретте: Бен-Невис - Грамп тауларындағы тау (Хайленд аймағы, Шотландия). Британ аралдарының ең биік нүктесі.

7 / 12

Килиманджаро тауы, Танзания. Мұнда жыл сайын биіктікке шыққанда асқынатын аурудан 10 адам қайтыс болады.

8 / 12

Гранд Каньон. Колорадо үстіртінде, Аризона штатындағы (АҚШ) Үлкен каньон ұлттық саябағында орналасқан. Қолайсыз ауа-райында бұл жер өте қауіпті болуы мүмкін, көптеген туристер су тасқыны кезінде мерт болады.

9 / 12

Фудзи тауы (сол жақта ғимарат артында тұр) – Жапониядағы ең биік тау. Фудзи тауына шығу маусымы жақындаған сайын жергілікті билік Жапонияның ең көрнекті жерлердің бірінің шыңына түнгі ұйқысыз көтерілу және мейлінше қысқа мерзімде шыңды бағындыруға ұмтылу өмірге қауіп төндіретіні туралы жиі ескертеді. Сонымен қатар тау шыңында ұзақ уақыт бойы болу үсік шалуға әкелуі мүмкін.

10 / 12

Жалпақ тау, Оңтүстік Африка. Жазда мұнда орман өрті қаупі бар, сонымен қатар бұл тауда жыландар өте көп мекендейді.

Суретте: Туристер Кейптаундағы Жалпақ таудың биігінен көріністі тамашалап тұр.

11 / 12

Швейцариядағы Маттерхорнға шығуға талпыныс кезінде 500-ден астам адам қайтыс болды. Бұл жылына орта есеппен үш-төрт адамды құрайды.

Суретте: Церматт үстіндегі Риффелальптағы Маттерхорн тауының алдында тұрған турист.

12 / 12

Норт-Каскейдс ұлттық паркі, АҚШ. Ол қарлы шыңдары және мөлдір суы бар көлдерімен және мұздықтарымен танымал. Мұның бәрі жергілікті орындағы сұлулыққа құмартып осы аймаққа баратын туристер үшін көптеген қауіпке толы.