Тұман, жел, көктайғақ: синоптиктер 6 желтоқсандағы ауа райын болжады

Sputnik
АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. Қазгидромет 6 желтоқсандағы ауа райына болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігіне циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпалын тигізеді.
Соның әсерінен жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының сотүстінде, батысында, орталығында өте қатты жел соғады 30 м/с және оданда аса.