АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев бірқатар жауапты мамандарға жеке жауапкершілік жүктеді:
Инвестициялық штаб төрағасы мен мүшелерінің Қазақстан Республикасының президентіне тоқсанына кемінде бір рет жүргізілген жұмыс туралы есеп ұсына отырып, инвестициялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру үшін;
орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының инвестициялық штаб шешімдерін орындамау немесе тиісінше орындамау үшін дербес жауапкершілігі белгіленді.
Сондай-ақ президент инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің (инвестициялық штабтың) өкілеттіктерін айқындады:
1.
орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдау;2.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі қабылдайтын заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;3.
Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының премьер-министріне инвестициялық штабтың шешімдерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тарту, оның ішінде атқаратын лауазымынан босату жөнінде ұсыныстар енгізу."Қазақстан Республикасының үкіметі осы жарлықтан туындайтын шараларды шұғыл тәртіппен қабылдасын. Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелсін", - делінген Тоқаев жарлығының мәтінінде.