АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет астаналық жедел жәрдем стансасының басшысы ұсталғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері "Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК басшысы Мұрат Оразбаевты ұстаған.
"Қалған мәлімет ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды" деп мәлімдеді агенттіктіктегілер.