Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Азов теңізі мен Қырым аумағында 35 ұшқышсыз ұшатын аппарат атып түсірілді

Sputnik
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері түнде Азов теңізі акваториясының аспанында және Қырым аумағында отыздан астам украиналық ұшқышсыз ұшатын аппаратты жойды, деп хабарлады РИА Новости РФ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
"Бүгін түнде Киев режимінің Ресей Федерациясы аумағындағы нысандарға ұшақ үлгісіндегі ұшқышсыз ұшатын аппараттармен шабуылдау әрекетінің жолы кесілді", - деп жазылған хабарламада.
Ресей Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, 22 пилотсыз ұшатын аппарат жойылып, тағы 13-і ұсталды.
РИА Новости Украина қарулы күштері күн сайын Ресейдің шекаралық және орталық аймақтарына ұшқышсыз ұшақтардың көмегімен шабуыл жасауға тырысып жатқанын жазды. Оларды әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері тежеп үлгерген.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазір сайлау өткізетін уақыт емес – Зеленский