АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Осы аптада еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа температурасы күрт төмендейді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамынша, апта басында республиканың батыс және солтүстік бөлігі циклон және онымен байланысты атмосфералық ағымдардың әсерінде болады. Жаңбыр және қар жауады деп күтілуде.
6 желтоқсанда елдің солтүстігінде қатты қар, көктайғақ, бұрқасын болжануда, тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
7 желтоқсанда суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен бүкіл республика бойынша ауа температурасы күрт төмендейді:
батыста, орталықта және шығыста – түнде 10-18 градус аяз;
солтүстік-батыста және солтүстікте – 25-33 градус аяз;
оңтүстікте – минус 5-13 градус.
Сондай-ақ Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.