АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Ресейлік саперлер Запорожье облысында Украина қарулы күштерінің маңызды нысанын жойды, деп хабарлалы РИА Новости.
539-шы инженерлік-саперлік полкінің әскери қызметшілері Орехово бағытында сұр аймаққа рейд жасап қайтты. Сол кезде Украина қарулы күштерінің Запорожье облысындағы маңызды нысаны жойылды.
"Біздің топ сұр аймаққа кірді. Рейд нәтижесінде қарсыластың жүріп-тұруына қажетті маңызды нысан жойылды. Қазіргі кезде қарсыластың қозғалысы қиындай түсті", - дейді топтың командирі.