"Қазақстан теміржолы" Араб әмірлігіндегі компаниямен бірлескен кәсіпорын құрады

Жаңа бірлескен кәсіпорынның жұмысы Солтүстік – Оңтүстік бағытын дамытуға, Каспий теңізіндегі порт инфрақұрылымын кеңейтуге, сауда хабтарын құруға бағытталатын болады
Sputnik
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. ҚТЖ" ҰК" АҚ және AD Ports Group бірлескен кәсіпорын құру туралы шартқа қол қойды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Құжатқа Дубай қаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында қол қойылды. Жаңа бірлескен кәсіпорынның жұмысы Солтүстік – Оңтүстік бағытын дамытуға, Каспий теңізіндегі порт инфрақұрылымын кеңейтуге, сауда хабтарын құруға бағытталатын болады.
"ҚТЖ және AD Ports Group ынтымақтастығы Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға, экспорттық бағыттарды ұлғайтуға және Араб шығанағы елдерінде қазақстандық тауарлар нарығын құруға ықпал ететін болады", - делінген хабарламада.
Анықтама: AD Ports Group-БАӘ-дегі өнеркәсіптік және логистикалық оператор. Компания өңірдегі ең ірі холдингтердің бірі болып табылады. Оның портфелінде Абу – Дабидің әртараптандырылған экономикасының негізгі салаларындағы ірі кәсіпорындар бар.