Мәскеуде екі қазақстандық жауынгердің сүйегі ресми делегацияға табысталды

Екеуі де 1941-1943 жылдары аралығында майданда қаза тапты
Sputnik
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан екі қазақстандық жауынгердің сүйегі Қазақстанда жерлеу үшін ресми делегацияға табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан РФ қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Салтанатты шара Мәскеудің жанындағы Мытищи қаласында өтті. Бес жауангердің сүйегі жерлеу үшін ресми делегацияларға табысталды. Олардың екеуі - қазақстандық. Біреуі - Жамбыл облысының тумасы, 1992 жылы туған шекарашы Қадірбек Дәулетқұлов, екіншісі - Гурьев (қазіргі Атырау) қаласының тұрғыны болған 1911 жылғы Қасым Әдиев. Екеуі де 1941-1943 жылдары аралығында майданда қаза тапты.
Іс-шараға РФ федерация кеңесінің өкілдері, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев, Қазақстанның сол елдегі әскери атташесі және басқа да ресми түлғалар қатысты. Салтанатты шара барысында қаза тапқан жауынгерлердің туыстарына іздеу жұмыстары кезінде табылған жеке медальондар мен жауынгерлердің жеке заттары табысталды.