АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Батыс Қазақстан облысында экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Орал қаласының тұрғынынан 2 миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған тұрғынды ұстады.
Тексеру барысында күдікті бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, алайда ешқандай шешім шығармағаны белгілі болды. Сондай-ақ ақша бопсалады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының 19 және 20 жастағы үш тұрғынды ұстады. Олар күшпен Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғынынан 250 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған екі фактіге қатысты ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Оларға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.