АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы араласқаннан кейін сусын өндірісін жүзеге асыратын инвесторға 1,9 га жер учаскесі берілді.
Облыс прокуратурасының ақпаратынша, минералды, емдік-асханалық бөтелкедегі су мен алкогольсіз сусындар өндірісін жүзеге асыратын "Batysminiralsu" ЖШС өндірістік қуатты кеңейту үшін жарты жыл бойы қосымша жер учаскесін ала алмаған.
Жоба құны – 2 млрд теңге, 30 жұмыс орны ашылады.
"Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы араласқаннан кейін инвесторға ауданы 1,9 га жер учаскесі берілді", - делінген хабарламада.
Айта кетері, бизнесті тиісінше қорғау мақсатында барлық прокуратурада инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтар мен Call-орталықтар жұмыс істейді.
Бизнес субъектілері (инвесторлар, кәсіпкерлер) проблема туындаған жағдайда бұзылған құқықтар мен мүдделерді қорғау және қалпына келтіру үшін прокуратура органдарына жүгіне алады.